Синоптиктердің болжамы бойынша, 19 қарашада еліміздің көптеген өңірінде ауа райы құбылмалы болып, кей өңірле жауын-шашын күтіледі.
Солтүстік және орталықта қар жауып, боран соғады, желдің екпіні күшеюі мүмкін.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.Түнде және таңертең оңтүстікте, орталықта тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 19 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ: 19 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.
Астана қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 19 қарашада тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15- 20 м/с болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 19 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Семей қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.