Израиль армиясының 2023 жылғы 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылында қаза болған палестина азаматтарының саны кейінгі 24 сағатта 47 артып, 43 846-ға жетті.
Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлап отыр.
Газа денсаулық сақтау министрлігінің жасаған мәлімдемесінде Израильдің Газа секторына жасаған 408 күндік шабуылдары жіктелген.
Осы мәлімет бойынша, Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймақтарында кейінгі 24 сағатта жасаған 6 «қырғыны» салдарынан 47 адам қаза болып, 139 адам жараланған.
2023 жылғы 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза болғандар саны 43 846-ға, жараланғандар саны 103 740-қа жетті.
Мәлімдемеде мәйіттердің әлі де үйінділер астында және жол жиектерінде жатқаны, бірақ Израиль әскерлерінің кедергілерінен медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің оларға жете алмағаны атап көрсетілген.