Басты бетЖаңалықтарҚазақстанға активтерді...

Қазақстанға активтерді қайтару: 8 миллиард теңгеге жуық қаражат қайда жұмсалады?

Қазақстанға қайтарылған активтерден 8 миллиард теңгеге жуық қаражатқа не салынатыны белгілі болды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметі мәліметінше, үкімет Ақтөбеде ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбие және түзету көмегімен қамтамасыз етеді.

Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажет заттармен жабдықталады. Бүгінде облыста ерекше білім беруді қажет ететін үш жастан алты жасқа дейінгі 2 523-тен астам бала бар, олардың 1 320-ы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Қазір облыс бойынша төрт арнайы түзету балабақшасы жұмыс істейді. Жобаны іске асыру қажет инфрақұрылымды құруға және ерекше қажеттіктері бар балаларды дамыту мен тәрбиелеуді қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.