Басты бетЖаңалықтарАлматыда экологиялық...

Алматыда экологиялық нормаларды бұзған жүргізушілерге 437 миллион айыппұл салынды

Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде 25 мыңнан астам экологиялық нормалардың бұзылуы анықталды. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлап отыр.

Алматы полициясының мәліметінше, қалада 19 табиғатты қорғау бекеті бар.

Олар қаланың жан-жағында орналастырылған. Жыл басынан бері табиғатты қорғау бекеттерінде 25 мың 154 құқық бұзушылық анықталған.

Шығарындылардағы ластаушы заттардың мөлшері бойынша нормативтерден асатын автокөліктерді және басқа да жылжымалы көлік құралдарын пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚбК-нің 334-бабының 1-бөлігі бойынша) 25 мың 154 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Айыппұлдың жалпы сомасы — 437 миллион 406 мың 400 теңге, — делінген хабарламада.