Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 494–499 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 18 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 495,95 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,98 теңге. Еуро — 524,37.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 497,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498,9 теңге. Еуро 522,5—527 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 494 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 аралығында саудаланып жатыр.