Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала қаза болды. Тілсіз жау сөндірілді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза болды, — делінген хабарламада.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.