16-17 қараша күндері сағат 8:00–ден 17:00–ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жәрмеңкеге Алматы және Жетісу облыстарының ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады. Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және тағы басқа) қойылады.
Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна, оның ішінде:
- Ет өнімі — 80 тонна;
- Жеміс-көкөніс өнімі — 100 тонна;
- Сүт өнімі — 60 тонна;
- Балық өнімдері — 5 тонна;
- Өзге өнімдер — 55 тонна.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігі 15 қараша сағат 20:00–ден 17 қараша сағат 20:00–ге дейін жабылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз. Жәрмеңкені өткізу кезінде № 45, № 95 және № 121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады, — делінген хабарламада.