15 қарашада Астанада Қазақстанның барлық өңірінен келген 200-ден астам ауыл әйелдері көшбасшыларын, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін жинаған 7-ші Республикалық Ауыл әйелдері форумы өтті.
Іс-шара барысында ауылдық аймақтардың тұрақты дамуы, әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігі мәселелері талқыланып, гранттық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Іс-шараға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Бияхметов пен ҚР мәжіліс депутаты, президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Қарақат Әбден қатысты.
Форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, ауылдық жерлерде «жасыл» технологияларды енгізу және қаржылық қолдау мәселелері сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Мемлекет, бизнес және қоғамдық ұйымдардың ынталы диалогының арқасында бүгінгі күні ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдауға бағытталған көптеген перспективалық жобалар іске асырылуда. Бұл әлеуетті тиімді пайдалану маңызды. Осы жерде форумның оң рөлі ерекше. Форум барысында қалыптасқан идеялар мен бастамалар қатысушыларды жаңа шешімдермен байытып, ауылдағы бірлескен жұмыстардың түрлі бағыттарын нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін, — деді Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің IV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина.
Ауылдағы әйелдер бастамаларын қолдау құралдарының арасында Қазақстанда 12 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан және еліміздің әртүрлі өңірлерінен 110 000-нан астам әйелдерге бизнес негіздерін тегін оқытқан Belesteri немесе «Өсу сатылары» атты әлеуметтік жоба ерекше аталады. Бұл жоба арқылы https://ccb.kz білім алған 7 500-ден астам шағын бизнес құрылып, еліміздің барлық өңірінде 10 000-нан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында «жасыл» технологияларды қолдана отырып, жеке қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастыруға арналған оқыту курстары ұсынылып жатыр, ол https://farmerschool.kz платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Belesteri жобасы Қазақстан бойынша әйелдердің экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған, ал Ауыл әйелдері форумы – мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды алаң, – деп атап өтті «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.
Олардың бірі – жастарды өнімді еңбекке тарту. Осы мақсатта биыл алғаш рет жастар үшін жаңа білім беру бағдарламасы ұсынылды https://ccb.kz/orken, сонымен бірге жас жеңімпаздарға конкурс аясында бастауыш қаржылық қолдау ретінде 10 грант бөлінді.
Жоба ең үздік бизнес-идея бойынша бірдей аталған байқаудың жеңімпаздарына қаржылық қолдау көрсетеді. 2012 жылдан бері 150 әйел өз ісін ашу үшін грант алған. Биыл https://ccb.kz жобасында 30 грант қарастырылған, ал өткен жылдары бұл көрсеткіш 20 болған. Форумда алғашқы 14 грант табысталды, қалған 16 грант екінші кезеңнің жеңімпаздарына, байқау қаңтар айында аяқталған соң беріледі.
Форум гранттық байқаудың жеңімпаздарының өнімдерінің көрмесімен қатар өтті. Қатысушылардың арасында мал шаруашылығы өнімдері, ұлттық дәстүрлерде жасалған киімдер мен текстиль кеңінен ұсынылды. Мысалы, тігін өндірістері Құрақ көрпе секілді классикалық бұйымдардан бөлек, ұлттық ою-өрнекпен безендірілген зығыр матадан жасалған киімдер, көшпелілердің этно үлгілері бойынша пастила, ірімшіктен чизкейк торттарын дайындау, балалар мен ересектерге ұлттық нақашта қыш бұйымдарын жасау бойынша курстар ұсынылды.
Форум мен жобаның ұйымдастырушылары – «Жасыл экономикана қолдау және G-Global-ды дамыту Коалиция» заңды тұлғалар бірлестігі және «Әлеуметтік Динамика» қоғамдық қоры, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы ұлттық әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.
Форумға және «Өсу сатылары» жобасына қаржылық қолдауды The Coca-Cola Foundation қайырымдылық қоры көрсетеді.