Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитеті итбалықтың қырылуына табиғи құбылыстар, соның ішінде су астындағы жер сілкінісі салдарынан табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.
Бұл туралы АШМ хабарлап отыр.
Түпкілікті тұжырымдар үш-төрт айға созылатын зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін алынады.
2024 жылғы 13 қарашада пастереллез, құс тұмауы, жыртқыш оба, сальмонеллез және листериозға қарсы сынамалар алынып, ПТР нәтижесі ешқандай ауру тарамағанын көрсетті.
24 қазан мен 13 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 1 034 итбалықтың өлексесін тапты.
Мониторинг және гидробиология және экология институты, итбалықтарды зерттеу және оңалту орталығы және микробиология ҒЗИ және вирусология ҒЗО сияқты ғылыми ұйымдар өлген жануарлардың тіндерін ішінара іріктеу жүргізді, — деп жазылған АШМ хабарламасында.