2024 жылғы 15 қарашаға қараған түні Қызылорда облысы Шиелі ауданның аттас кентіндегі жанармай құю бекеті қызыл жалынға оранды.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметінше, жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасының тұтануы кейіннен жануына әкеліп, жалын жақын орналасқан екі қабатты ғимаратқа көшкен.
Өрт сөндірушілер жақын жерде тұрған бензині бар 20 тонналық резервуарды жоғары температурадан жарылуының алдын алу үшін сумен салқындата отырып, 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды. Оқиғаның салдарынан 1991 жылы туған ЖМҚС қызметкері ауырлығы орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.