Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
2024 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.