Ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тауға шықпауға кеңес берді.
13 қарашада нөсер жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Кей кезде қалың туман түседі. Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарды тауға шықпауға шақырамыз, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар 112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауға кеңес берілді.