Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда өрт...

Қазақстанда өрт қауіпсіздігіне арналған айлық акция өтеді

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрлігі мен әкімдіктерге тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігіне арналған айлық өткізуді тапсырды.

Әкімдіктер төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, тұрғын үй секторында жаппай өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастыруы қажет. Бұған әкімдіктердің газ-техникалық инспекциясын тарту керек. Бірінші кезекте, әлеуметтік осал топқа жататын халықтың үйлерін есепке алған жөн. Олар ерекше бақылау аймағында болуға тиіс, — деді премьер-министр.

Олжас Бектенов үйлердің бәріне өрт датчиктерін тегін орнату керек екенін еске салды.

Алайда, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласы әкімдіктерінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз екенін атап өткім келеді. 2%-тен 14%-ке дейін ғана қамтылған. Әкімдіктер жұмысты күшейтіңіздер, — деді үкімет басшысы.