Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Корея ғалымдары қыздыратын темекі бұрын шылым шекпеген адамдарды аса қызықтырмайтынын, алайда темекі шегетін ересек адамдарға одан бас тартуға және денсаулыққа тигізетін зиянын азайтуға көмектесетінін анықтады.

Зерттеу барысында ғалымдар шылымқорлардың дәстүрлі темекіден бас тартып, түтінсіз баламаға, соның ішінде қыздырылатын темекіге көшуіне не себеп болатынын анықтауға тырысқан. Зерттеу «Қыздыру ма, әлде тұтату ма?» (To heat or burn?) деп аталды.

Ғалымдар Оңтүстік Кореяның бес мыңға жуық ересек тұрғынына сауалнама жүргізген. Олардың 2 356-сы — темекі шекпейтіндер, ал 2 158-і — шылым шегетіндер. Екінші топта 1 316 адам – қарапайым темекі тұтынушылары болса, 842 адам – қыздыратвн темекі жүйелерін қолданатындар.

Нәтижесінде респонденттердің 90,4%-і қыздыратын темекі жүйелері нарыққа шыққанға дейін шылым шеге бастағаны анықталды. Бұл факт қазіргі түтінсіз баламаны қолданатындардың көпшілігі оған алғаш рет қызығып емес, дәстүрлі темекіден бас тарту арқылы ауысқанын көрсетеді.

Бұл тұжырымды ғалымдар өз еңбегінде атап өткен 2021 жылғы Кореяның ұлттық денсаулық пен тамақтану сауалнамасының (KNHANES) деректері де растайды. Оған сәйкес, қыздыратын темекіні қолданатындардың 99,4%-і оған қарапайым темекіден кейін ауысса, тек 0,6%-і жаңа тұтынушылар болған.

Тағы бір сауалнамада Оңтүстік Кореядағы шылым шегетіндерден қыздыратын темекіге ауысу себептері сұралған. Нәтижесінде респонденттердің 68,8%-і түтінсіз баламаларды «иісі өткір емес болғандықтан» таңдағанын айтса, 36%-і қыздырылатын темекі жүйелері шылымды тастауға көмектесетінін айтып өткен.

Сонымен қатар зерттеушілер шылым шегетіндердің көбі дәстүрлі темекіден қыздыратын темекіге ауысуының негізгі себебі – шылымнан бас тартуға деген ұмтылысына тікелей байланысты екенін анықтады. Демек, денсаулығына алаңдағандар немесе темекі түтіні иісіне сезімтал адамдардың кәдімгі темекіден бас тартып, қыздыратын темекі жүйелерін таңдау ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар зерттеушілер қыздыратын темекі шылым шегуді бастауға негіз болатынына ешқандай дәлел таппаған, яғни бұл өнім бұрын шылым шекпеген адамдар арасында сұранысы көп емес.

Оңтүстік Корея есебінің авторлары түтінсіз баламаларды халық арасында темекі тұтынуды азайту саясатының бір бөлігі ретінде қолдануға болатынына сенімді. Мұндай оң тәжірибе әлемде бар. Швеция, Ұлыбритания, Жапония, Жаңа Зеландия және басқа да елдер зиянды азайту (ЗА) тұжырымдамасын мемлекеттік деңгейде қолдайды. Бұл тұжырымдама денсаулыққа қауіпті әрекетті зияны аздау баламамен алмастыруды көздейді.

Зиянды азайту тұжырымдамасы әртүрлі салаларда, соның ішінде тамақтану және репродукция сияқты салаларда қолданылады. Ал шылым шегуге қатысты бұл тұжырымдама никотинді тұтынудың ең зиян түрі – жанатын сигареттерден бас тартып, түтінсіз баламаларды таңдауды ұсынады.

Әрине, ең дұрысы – барлық темекі өнімдерінен толық бас тарту. Алайда шылым шегу – тәуелдік, сондықтан кез келген адам оны бірден тастай алмайды. Сонымен қатар ауруды никотин емес, темекі шегіп жатқанда бөлінетін зиянды заттар тудыратыны дәлелденген. Шылым шегетін адамның денсаулығына қауіп төндіретін де сол жану процесінде бөлінетін заттар, олар темекі түтінімен бірге өкпеге түседі. Зерттеулер көрсеткендей, қыздыратын баламалар түтіннің орнына аэрозоль шығарады, оның құрамында темекі түтініне қарағанда 95% аз зиян заттар болады.

Қазақстанда тыныс алу жүйесінің аурулары жалпы сырқаттанушылық құрылымында алдыңғы қатарда тұр. Тыныс алу жүйесі ауруларының арасында ең жиі кездесетіндері – пневмония, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, бронх демікпесі, бронхоэктазия, интерстициальды өкпе аурулары және басқалары. Респираторлық жүйе ауруларының даму қаупі жоғары болатын факторларға – ластанған ауа, иммунитеттің төмендеуі, өндірістік факторлар және темекі шегу жатады. Оның ішінде темекі шегу – адамның өзіне байланысты факторлардың бірі. Зиянды азайту тұжырымдамасы (ЗА) бойынша, никотин тұтынудың ең зиян түрі – жанатын сигареттерден бас тартып, зияны аз түтінсіз баламаны таңдай отырып, шылым шегуші көптеген тыныс алу жүйесі ауруларының даму қаупін төмендетеді, – дейді «Пульмонологтар мен торакальды хирургтер қоғамы» қоғамдық ұйымының төрайымы Сәуле Қасенова.

Бұл тұрғыда Швецияның тәжірибесі мән беруге тұрарлық. Ол никотинді тұтынудың балама әдістері қарапайым темекі шегуге қарағанда денсаулыққа төнетін қауіптерді азайтатынын айқын көрсетеді. Мысалы, Швецияда онкологиялық аурулар деңгейі бүкіл Еуропа бойынша орташа деңгейден 41%-ке төмен, ал темекі тұтынуға байланысты өлім-жітім көрсеткіші Еуропалық Одақтың көптеген елдерімен салыстырғанда екі есе аз. Бұл ретте, Швецияда әрбір төртінші ересек адам никотинді күнделікті тұтынады, бұл Еуропаның басқа елдеріндегі деңгеймен шамалас. Алайда аурушаңдықтың төмендеуінің басты себебі – шведтердің қарапайым темекіден гөрі түтінсіз баламаларды таңдауы. Швеция «Тұтату ма, әлде қыздыру ма?» деген сұраққа жауап тапқан. Денсаулық көрсеткіштері бойынша бұл жауаптың дұрыс екенін көруге болады.

Осылай, Корея зерттеулерінің нәтижелері мен дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, түтінсіз өнімдер, мысалы, қыздыратын темекі бұрын шылым шекпеген адамдарды тартпайды және темекі шегуден шығатын аурулардың алдын алудағы дәстүрлі шараларды толықтыратын, зияны аздау балама ретінде қызмет ете алады.