Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 493–498 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 12 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 525,71.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 495,90 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 497,70 теңге. Еуро 527—531 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 493 теңге, сатып алу құны — 498 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,12 аралығында саудаланып жатыр.