Басты бет Жаңалықтар Астанада көлік қозғалысы шектеледі

Астанада көлік қозғалысы шектеледі

Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалыстары шектеледі.

Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы «Астана қаласының тұрғын алаптарындағы жолдар мен инженерлік желілерді салу, қайта жаңарту. Комсомольский тұрғын алабы, 2-кезек» атты жобасын іске асыру шеңберінде Қарашаш ана – Ақан сері көшелерінің қиылысында нөсерлі кәріз желісін салу жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр.

Осыған орай, 2017 жылдың сәуір айының 27-сінен 30-ына дейінгі аралықта аталған учаскеде көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version