Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қытай азаматтарын қар құрсауынан босатты. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.
Бүгін Қарағанды облысының 112 қызметіне қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай жатқан ҚХР екі азаматы туралы хабарлама келіп түскен.
Жолды қысқарту мақсатында тасжолдан шығып кеткен ер адамдарды құтқарушылар Қарқаралы ауданының Аққора ауылынан 15 шақырым жерден тапты, — деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар автокөлікті тасжолға сүйреп шығарып, аудан орталығына дейін сүйемелдеп барды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ ауа райы бұзылған кезде тек үлкен жолдармен және тасжолдармен жүру керек екенін еске салды.