Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491-496 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 11 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 491,71 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 529,97.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,73 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 494,55 теңге. Еуро 528,65—532,83 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 491 теңге, сатып алу құны — 496 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,07 аралығында саудаланып жатыр.