Басты бетЖаңалықтарҚуандық Бишімбаевтың...

Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат жалған болып шықты

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Онда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияда жоқ екені айтылған.

Әлеуметтік желілерде сотталған Қуандық Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр, — делінген хабарламада.

ҚАЖК Қазақстан азаматтарын жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге назар аударуға шақырды.

Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған.