Басты бетPushАқтөбе облысындағы тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.

9 қарашада Ақтөбе облысындағы аэродром аумағында оқу-жаттығу орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын багы өртенген. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Ақтөбе облысында тікұшақ құлап, 1 адам қаза болды. Екі адам ауруханада жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ