«Кеше барлығын жинап алу мүмкін болмады. Бүгін таңғы сегізден бастап жұмыс жалғасты. Жағалауды тексеріп, мониторинг жүргіземіз. Сынама алдық. Ертең алдын ала нәтижесі пайда болады. Өлген итбалықтарды әзірге өртемейміз. Алматыдан гидробиология және вирусология ғылыми институтының ғалымдары келуі тиіс. Олар Каспий теңізіндегі Дурнева аралдарында болды. Ғылыми жұмыстар жүргізді. Бүгін олар Ақтауға келеді, сосын оларды осы жерге жеткізеді», — деді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Қуанғали Ашахов.
Алматылық ғалымдар Каспийдегі итбалықтарды зерттейді
ДереккөзInform.kz