Басты бетЖаңалықтарАлматыда демалыс...

Алматыда демалыс күндері Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

9-10 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Алматы ауылшаруашылық өндірушілері қатысады. Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және тағы басқа) қойылады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 8 қарашада сағат 20:00-ден 10 қарашада 20:00-ге дейін жабылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз. Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады, — делінген хабарламада.