Басты бет Экономика Ауыл кәсіпкерлеріне арналған тегін курс басталады

Ауыл кәсіпкерлеріне арналған тегін курс басталады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл кәсіпкерлеріне бизнес негіздерінен тегін оқытуды қолға алды.

Көрнекі сурет

Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік негіздерін оқыту. Алдағы уақытта  ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, бизнес-жобаларды сүйемелдеу қағидаларын да үйрету жоспарланған.

«Жобаға қатысу үшін міндетті түрде тестілеуден өту керек. Бұл сынақ кәсіпкерлікпен айналысу қабілетін анықтайды», — дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жанаргүл Жоламанова.

«Бизнес бастау» жобасына Индер, Исатай, Махамбет, Қызылқоға аудандарының тұрғындары қатысып жатыр. Олардың қатарында жұмыссыз азаматтар да бар. Дәріс барысында дайындаған бизнес-жобаларын тиісті қаржылық институттың несиелік комиссиясы алдында қорғайды. Ал оқуын аяқтап, сертификат алған азаматтарға стипендия түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version