Басты бетЖаңалықтарБүгін еліміздің...

Бүгін еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8 қарашада еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада түнде жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысында жолдардағы көктайғақ сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Алматыда түнде тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Шымкентте түнде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.