Бүгін Қостанай облысында су тасқынына байланысты Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейін «Екатеринбург-Алматы» (686-729 шақырым) жолында көліктің барлық түріне қозғалыс шектелді.
СҚО-да су тасқынына орай Мамлют учаскесінен 20-шы шағынауданға дейін «Челябі-Новосібір» жолында көліктің барлық түріне жол жабылды. Себебі 528, 529 шақырымды су басты.
Бұдан басқа, облыстың су шайған жолдары:
1. «Екатеринбург-Алматы» 766 шақырым (ені 200 м. жол ернеуін су шайды).
2. «Екатеринбург-Алматы» 797 шақырым (Жем Барақ өзеніндегі көпірді су шайды (ұзындығы — 46 м), конусы мен өтпелі плитасы қирады).
3. «Екатеринбург-Алматы» 835 шақырым (Ақан-Бүрлік өзеніндегі көпір (ұзындығы — 70 м), конусы мен өтпелі плитасы қирады).
Көлік қозғалысына шектеу жоқ. Су тасқыны болуы ықимал учаскелерде «Қазавтожол» РМК облыстық филиалдары жұмыскерлерінің күшімен нығайту жұмыстары жүргізілуде. Ескерту белгілері қойылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.