Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 490-495 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 7 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 492,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге. Еуро — 528,85.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 494,5 теңге. Еуро 527—531,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 490 теңге, сатып алу құны — 495 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97—5,07 аралығында саудаланып жатыр.