Басты бетЖаңалықтарҚарағандыда мемлекетаралық...

Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды

Қарағандыда бес жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы Рolisia.kz хабарлап отыр.

5 қарашада Қарағанды ​​қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жаяу жасағы өз бағытын аралаған. Аулаларды аралап жүргенде полицейлер күдікті адамды байқайды.

Деректер базасын тексеру кезінде 41 жастағы ұсталған адамның бес жыл бойы мемлекетаралық іздеуде екендігі анықталды. 2019 жылы көлік жүргізу кезінде ол жол ережелерін бұзып, адамның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Іздестіру бастамашысы — Татарстан Республикасы ІІМ, — делінген хабарламада.