Басты бетЖаңалықтарДоллар, еуро...

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 488-493 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 6 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге. Еуро — 532,62.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 490,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 492,1 теңге. Еуро 531 — 535,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 488 теңге, сатып алу құны — 493 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 — 5,09 аралығында саудаланып жатыр.