Маңғыстау облысының Құрық, Жетібай, Мұнайшы ауылдарындағы жалпы білім беретін мектептердің ІІ кезеңі оқушылары қашықтан оқыту режиміне ауыстырылды.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасы хабарлап отыр.
Қарақия ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауданда үш ғамараттың және екі жеке тұрғын үйдің шатыры ұшқан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Дауылдың салдарынан кей жерлерде электр желісі үзіліп ал, кей жерлерде уақытша ажыратылды. Төтенше жағдай бойынша жедел штаб құрылып комиссия отырысы өтіп жатыр.
Ал Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, аймақта тұрақсыз ауа райы әлі де сақталады. Өйткені, кең ауқымды солтүстік-батыс циклоны жүріп жатыр.