Актер Азамат Сатыбалдының продюсерлігімен «Бір сен үшін» атты фильм түсірілді. Сценарийін режиссер Ардақ Төлеубай екеуі бірге жазған. Актерлік құрамды өзі таңдаған.
Фильмде Азамат Сатыбалдының өзі, Зарина Кармен, Еркебұлан Дайыров, Айжан Байзақова ойнайды.
Картина бала сүйе алмай жүрген отбасы туралы. Сегіз жыл бойы бала сүйе алмаған ерлі-зайыптылар Асқар мен Айжан туралы. Ал Асқардың әкесі немере сүюді аңсайды, баласына ажырасуды ұсынады. Алайда Асқар сатқындыққа барып, некесіз балалы болады. Енді оған таңдау жасау керек. Оның қандай болатынын көрермендер 27 сәуірде кинотеатрлардан көре алады.