Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған Хасан Қасымбаев сот шешімімен екі айға қамауға алынды.
Бұл ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті таратты.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 2024 жылғы 2 қарашада Қ. есімді азамат ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Хасан Қасымбаев 2 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған болатын.