Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 489-492 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 5 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 489,36 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,99 теңге. Еуро — 533,45.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490,7 теңге. Еуро 531,5—536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 489 теңге, сатып алу құны — 492 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 532 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 аралығында саудаланып жатыр.