«Қазгидромет» РМК синоптиктері 5 қараша еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
5 қарашада күндіз Манғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Манғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 05 қарашада түнде тұман түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с сақталады. Павлодар қ.: 05 қарашада түнде көктайғақ, тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі.
Шымкент қаласында қатты жаңбыр күтіледі.
Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі.
5 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.