FDA
Фото: FDA
Денсаулыққа қайсы көбірек қауіп төндіреді – кәдімгі темекі ме, әлде түтінсіз баламалары ма? Бұл сұраққа әлемдегі ең қатаң қадағалау органдарының бірі – АҚШ-тың тағам және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) жауап табуға тырысқан.

АҚШ-тың тағам және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы (Food & Drug Administration — FDA) темекі өнімдері мен түтінсіз темекі өнімдеріне тәуелсіз зерттеу жүргізіп, жанбайтын темекі бұйымдары шылым шегетіндердің денсаулығына төнетін қауіпті азайтуға көмектеседі деген тұжырымға келді.

Ең дұрыс әрі денсаулыққа зиянсыз жолы – ешқашан темекі шекпеу немесе темекіден барынша ертерек бас тарту. Темекі қорабындағы қорқынышты суреттер мен оның зияны туралы ақпаратқа қарамастан, адамдар неліктен темекі шеге береді? Мысалы, Қазақстанда шектеулер мен тыйым шараларына қарамастан, шылым шегетіндердің саны жылдар бойы өзгермей келеді. Мұның себебі темекі шегудің тәуелдікке негізделгендігінде, ал дереу әрі түбегейлі түрде темекіні тастаған адамдардың үлесі небәрі 4-7%. Бұл — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері.

Тәуелдік – негізінен ауру, сондықтан денсаулығын ойлайтын шылым шегетін адамдар үшін темекінің барлық қаупі туралы уақтылы білу және кәсіби мамандардан көмек алу өте маңызды. Әртүрлі ғылыми зерттеу мен бірқатар дамыған ел тәжірибесіне сүйене отырып, шылым шегуден туындайтын қауіпті азайту үшін никотинді тұтынудың ең зиян түрінен, яғни жанатын темекіден бас тарту керек. Оларға қарағанда түтінсіз баламалардың құрамында зиянды заттар аз және бұл тақырыпта зерттеулер саны жыл сайын артып келеді, – деп айтып өтті гастроэнтеролог, «Еуразиялық онкологтар, хирургтар және оңалту мамандары қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары Гаухар Ысқақова.

Адамдар кейде зиянның негізгі себебін никотиннен іздейді, алайда, шын мәнінде, негізгі қауіп – түтіннен туындайды деген ғылыми дәлелдер бар. Никотин тәуелді етеді, бірақ ол өкпенің қатерлі ісігінің және басқа аурулардың даму қаупін арттырмайды. Темекі жанғанда шамамен 6 000 түрлі зат бөлінеді. Олардың ішінде шынымен де зиян әрі қауіпті заттар бар, олар шеккен сайын адамның өкпесіне түседі.

Түтінсіз өнімдер зиянды азайту сұранысына жауап ретінде нарыққа шыққан. Олардың жану процесі болмайды, демек шылым шеккендегідей зиян болмайды. Мысалы, темекіні жандырмай, тек қыздыру арқылы оның зиянын темекі шегуге қарағанда 90-95%-ке дейін азайтуға болады.

Түтінсіз баламаларды қолдайтын зиянды азайту тұжырымдамасы (ЗАТ) шылым шегетіндерге жанбайтын темекі өнімдеріне көшуді ұсынады. Швеция, Англия, Жапония, Жаңа Зеландия және тағы басқа бірқатар елде ЗАТ қағидалары арқасында шылым шегетіндер санын айтарлықтай азайтуға қол жеткен.

Мұндай зиянды азайтуға бағытталған ғылыми-негізделген тәсілдің дұрыс әрі тиімді екенін FDA зерттеулері де растады. Олар темекі өнімдері қауіпін салыстырған зерттеу нәтижесін жариялап, барлық темекі өнімі қауіпсіз болмағанымен, әртүрлі өнімнің денсаулыққа зияны әртүрлі деңгейде болатынын мойындады. Сонымен қатар жанбайтын темекі өнімдері, мысалы, қыздырылатын темекі мен басқа да түтінсіз баламалар, шылым мен басқа жанатын темекі өнімдеріне қарағанда денсаулыққа аз зиян келтіретіні анықталды.

FDA мәліметі бойынша, толықтай қауіпсіз темекі өнімдері жоқ. Сондықтан темекі өнімдерін қолданбайтын ересектер мен әсіресе жастар электрон темекі шегуді тіпті бастамағаны жөн. Ал темекі шегетін ересектер кәдімгі темекіден түтінсіз баламаларға толықтай ауысса, көптеген зиян химиялық заттың әсерін төмендетуі мүмкін.

Дегенмен олардың темекіден толықтай бас тартып, тек түтінсіз баламаларға ауысқаны маңызды, себебі ұзақ уақыт бойы кәдімгі темекіні түтінсіз өнімдермен қатар қолдану денсаулыққа шылым шегудің өзімен бірдей зиян келтіруі мүмкін, – делінген құжатта.

Қазіргі уақытта FDA 34 өнім және ментол мен темекі дәмі бар электрон темекі құрылғыларына рұқсат берді. Бұл өнімдер токсикологиялық бағалауды қоса алғанда, қатаң ғылыми тексерістен өткен және FDA олардың қоғамдық денсаулық стандарттарына сәйкес келетінін анықтады.

Салыстырмалы қауіп тұжырымдамасы күрделі. Сондықтан шылым шегетіндерді ақпараттандыру әрекеттері нақты деректерге негізделуі маңызды, – делінген FDA зерттеуінде.