ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлінісі ҰҚК көмегімен Кентау қаласында «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын жойды.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
Бұл ұйымның идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, «шариғат» нормаларын енгізуге бағытталған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сонымен қатар діни көзқарасты қорлау деректері анықталды. Топ мүшелері «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотты болған, — делінген хабарламада.
Жүргізілген шаралар нәтижесінде 10 күдікті ұсталды.
Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.