Басты бетЖаңалықтарЛивандағы Қазақстан...

Ливандағы Қазақстан азаматтары аман-есен елге оралды

Қазақстан азаматтары және олардың отбасы мүшелері Ливаннан елге эвакуацияланды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлап отыр.

Бұл Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асты.

Операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылды. 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді, — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.