Алматыда 48 жыл бұрын пайдалануға енгізілген құбыржол ауыстырылды

Алматыда Қожанов көшесінің бойымен Радостовец көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін және Есқараев көшесінің бойымен Розыбакиев көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін төселген құбыржолды ауыстыру жұмыстары аяқталды.

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлап отыр.

Ағымдағы жылы жаңғыртылған учаскенің ұзақтығы 1 097,5 метр болды.

Ауыстырылған құбыржол 1976 жылы пайдалануға енгізілді және қазіргі уақытта 19 көппәтерлі тұрғын үйлерді, екі балабақшаны және басқа да 39 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр, сонымен қатар ыстық су берудің үлестірілуін қамтамасыз етеді және «Орбита» мен «Южный» қазандықтарын бір-бірімен байланыстырады.

Жалпы, биыл Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 20 км жылу желілері жаңғыртылды. Жыл сайын жаңғырту жылытуаралық кезең ішінде жүргізіледі, биылғы жылы мұндай жұмыстар Алматының алты ауданында іске асырылды. Жылумен жабдықтау желілері жаңғыртылған учаскелерді абаттандыру ауа райы жағдайларын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.