2023 жылғы 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторындағы шабуылынан қаза болғандар саны 43 341-ге жетті.
Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлап отыр.
Израиль армиясының Газа секторының әртүрлі аймағында жасаған «төрт қырғын» нәтижесінде тек кейінгі 24 сағатта 27 адам қаза болды. Сонымен қатар Палестина анклавының 86 тұрғыны зардап шекті.
2023 жылғы 7 қазаннан бері зардап шеккендердің жалпы саны 102 105-ке жетті, — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Марқұмдардың денелері әлі де қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем бригадалары мен Азаматтық қорғаныс күштерінің өкілдері Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.