Доллар 487-492 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487-492 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 4 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге. Еуро — 530,09.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490,3 теңге. Еуро 530—534 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 492 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,07 аралығында саудаланып жатыр.