Түнде Алматыдан 262 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметінше, ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 қарашада Астана уақытымен сағат 04:31-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасқан, — делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.