Басты бетЖаңалықтарҚазгидромет: 2...

Қазгидромет: 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 қарашадағы Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 4 қарашада қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Ақтобе қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.