Басты бетЖаңалықтарҚазақстан тарихында...

Қазақстан тарихында алғаш рет вольфрам өндірісі іске қосылды

Алматы облысында вольфрамды қайта өңдейтін Қазақстандағы алғашқы зауыт ашылды. Бұл — отандық тау-кен өндірісі үшін тарихи оқиға, ол еліміздің әлемдегі сирек металдар нарығындағы позициясын нығайтады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жоба құны — 300 млн доллар. Бұл халықаралық экологиялық және өндірістік стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды. Зауыт жергілікті мамандар үшін 1000-ға дейінгі жұмыс орнын ашады және жобалық қуатына шыққанда жылына 3,3 млн тонна руданы қайта өңдеп, вольфрам концентратының 65% үлесін шығарады.

Ашылу сәтінде негізгі объектілердің дайындығы мынадай болған:

• Шлам сақтау орындары – 60%.
• Тау-кен байыту фабрикасы – 60%.
• Сыртқы су тарту объектілері – 85%.
• Сыртқы электрмен жабдықтау – 100% (110 кВ желісіне қосылды).
• Ішкі электрмен жабдықтау – 90%.

Жобаны ТОО «Арал Кеген» басқарады, ол Jiaxin International Resources Investment Ltd. халықаралық холдиң құрамына кіреді. Бұған Jiangxi Copper Corporation, China Railway Construction Company, China Civil Engineering Construction Company және Ever Trillion International Singapore PTE LTD компаниялары қосылған.

Зауыттың алдағы жоспары — вольфрам мөлшерін 88,5%-ға дейін жеткізу және жоғары тазалықтағы вольфрам карбидін шығару үшін терең қайта өңдеу кешенін салу. Бұл кезеңге арналған инвестиция көлемі 150 млн доллар болады, — делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, зауыттың ашылуы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің дамуының жаңа кезеңін білдіреді және елдің табиғи ресурстарды тиімді және рационалды пайдалануға ұмтылысын көрсетеді.