Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Алматыда комплаенс-мамандарға арналған форум өтті

Фото: Антикор
Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, комплаенс және іскерлік этика қауымдастығы мен Нархоз университеті бірлесе отырып, жыл сайынғы комплаенс және іскерлік этика мәселелері бойынша форум өткізді.

Бұл туралы Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлап отыр.

Іс-шараға квазимемлекеттік және жеке сектордан 250-ден астам өкіл қатысты.

Форум қатысушылары саланың басты мәселелерін талқылап, комплаенс және корпоративтік басқарудағы этика жүйесін дамытуға арналған тәжірибе мен практикалық құралдармен бөлісті.

Форумда парламент сенаторы Жанна Асанова, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнара Бижанова, сонымен қатар әртүрлі салалардан 20-дан астам сарапшы баяндама жасады.

Алматыда комплаенс-мамандарға арналған форум өтті
Фото: Антикор

Сонымен қатар Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев жас комплаенс-офицерлерге комплаенс институтының мақсаттары мен құқықтық негіздерін таныстырды.

Іс-шара соңында биылғы жылы жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген комплаенс қызметтері марапатталды.

Мақалаға реакция