Аргентинада Қазақстан мәдени орталығы жұмыс істейді

Аргентинаның Росарио қаласында тұратын жерлесіміз Ирина Вагнер «Қазақстан мәдени орталығын» ашып, қазақ халқының төл мәдениетін өзге құрлықта ұлықтап жүр.

Құрылғанына төрт жылға жуықтаған орталықта киіз үй, ұлттық киімдер мен Қазақстан суретшілерінің туындылары қойылған. Ал болашақта Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған арнайы зал ашуды жоспарлап отыр.

Аргентинаның мәдени орталығы саналатын Росарио қаласында бүгінде 50-ге жуық түрлі халықтың мәдени ұйымы бар. Соның ішінде Қазақстан мәдени орталығының шоқтығы биік екенін айтады.

«Туған елімнің барлық құндылықтарын өзім құрған мәдени орталықта насихаттауға тырысып жүрмін»,- дейді Ирина Вагнер.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version