Құрылғанына төрт жылға жуықтаған орталықта киіз үй, ұлттық киімдер мен Қазақстан суретшілерінің туындылары қойылған. Ал болашақта Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған арнайы зал ашуды жоспарлап отыр.
Аргентинаның мәдени орталығы саналатын Росарио қаласында бүгінде 50-ге жуық түрлі халықтың мәдени ұйымы бар. Соның ішінде Қазақстан мәдени орталығының шоқтығы биік екенін айтады.
«Туған елімнің барлық құндылықтарын өзім құрған мәдени орталықта насихаттауға тырысып жүрмін»,- дейді Ирина Вагнер.