Алматыда үш жаңа автобус бағыты іске қосылды. Олар қала маңына қатынайды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Алматы агломерациясы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін 1 қарашадан бастап үш жаңа қала маңы маршруты іске қосылды:
- №245 маршрут: Ұзынағаш – Төле би-Яссауи автобекеті, сыйымдылығы үлкен 25 автобус, қозғалыс уақыты: 5:45-23:00.
- №254 маршрут: Қаскелең – «Сәлем» базары, 16 автобус, қозғалыс уақыты: 5:50-23:00.
- №239 маршрут: «Б.Момышұлы» метро бекеті – Долан ауылы, 18 автобус, қозғалыс уақыты: 5:30-23:01.
Барлық маршрутта жол жүру құны 120 теңге, Onay жүйесі қолданылады.
Маршруттар сынақ режимінде іске қосылып, қозғалыс сызбасы мониториң нәтижелеріне сәйкес түзетіледі. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен былтыр 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңы маршруты ашылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды, — делінген хабрламада.