Доллар 487-492 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487-492 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 1 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,26 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге. Еуро — 530,54.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 489,1 теңге.Еуро 530—534 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 492 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,07 аралығында саудаланып жатыр.