«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 1 қарашада ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Алматы қаласында болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.