Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты.

30 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған қар жауады, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

31 қазанда көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. 1 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман түседі, — делінген хабарламада.

30 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы болады.

31 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. 1 қарашада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 11-13 градус жылы болады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да