Басты бетЖаңалықтарДоллар, еуро...

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487—491 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,81 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,02 теңге. Еуро — 527,62.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490,9 теңге. Еуро 529,5—533,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 491 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 531 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99—5,10 аралығында саудаланып жатыр.